Алматыдағы Арбатта жастар жаппай төбелес шығарды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы Арбатында түнгі уақытта жастар жаппай төбелесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Арбаттағы жастар жанжалының видеосы желіде тарап кетті.
Жастар арасындағы төбелеске бірінші болып модульдік бекет құрамында қызмет еткен полиция қызметкерлері әрекет етті.
«Жанжалға қатысқандар мән-жайды анықтау үшін Алмалы аудандық полиция басқармасына жеткізілді. Төбелескен азаматтардың бірін-бірі танитыны және бір-біріне ешқандай талабы жоқ екендігі анықталды», - деп хабарлады қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.