Алматыдағы арнайы операция: 2 есірткі сатушы ұсталды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда бүгін есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлері 2 есірткі сатушыны ұстады.

Алматыдағы арнайы операция: 2 есірткі сатушы ұсталды

Арнайы операция AFD PLAZA тұрғын үйінің қасында өткен.

Қалалық ІІД ресми өкілі Салтанат Əзірбектің айтуынша, тінту барысында 28 жəне 26 жастағы жігіттерден  аса ірі мөлшерде гашиш табылды.

Тəркіленген өнім химиялық сараптамаға жіберіледі.