20:20, 22 Тамыз 2022 | GMT +5
Алматыдағы әскери бөлімде сарбаз оқ тиіп, қайтыс болды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Алматыдағы 3650 әскери бөлімінде сарбаз өзін атып алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Ұлттық ұланы «Оңтүстік» Өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, 22 тамызда сағат 15.15-тер шамасында қызметтік міндетін орындау кезінде келісім шарт бойынша қызмет етіп жүрген әскери қызметші Сабыров Абылай Берікұлы, (2001 жылы туылған) 3650 әскери бөлімінде Алматы қаласында өзіне бекітілген тапаншамен өзін-өзі атып, алған жарақатының нәтижесінде қайтыс болды.
Құқық қорғау органдары қажетті тергеу әрекеттерін жүргізіп жатыр. Болған оқиғаның себептері мен мән-жайларын анықтау үшін қызметтік тергеу тағайындалды.
«Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығы мен өңірлік қолбасшылығы әскери қызметші Абылай Сабыровтың туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады.