Алматыдағы ат жарысында Олимпиада жүлдегерінің жүйрігі бірінші келді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Алматының ипподромында бәйге жарыстарының биылғы маусымы аяқталды. Бағдарлама бойынша шабандоздар 1 600, 1 800, 3 000, 4 000 метрлік қашықтықтарда бақ сынап, сонымен қатар 22 және 12 шақырымдық Аламан, Құнан бәйгелерге қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
4 000 метрлік қашықтықта Алматы қаласы әкімінің кубогында ағылшын тұқымды сәйгүліктер сайысқа шығып ең бірінші болып мәреге еркін күрестен Олимпиада жүлдегері Ислам Байрамуковтың жүйрігі келді.
«Зубаир» деп аталатың жүйріктің жокейі 45 жыл ат спортымен айналысып келе жатқан Геннадий болды.
«Мен 1971-ші жылдан бастап ат спортымен айналысам. Көптеген жарыстарға қатысып жүлделі орындарға ие болғанмын. Бүгінгі жеңісіме ризамын. Алдағы уақытта да әлі қатысамын деген ойдамын», - деді Геннадий.
Одан бөлек, көптеген ат спортын сүйер қауым 1 600 метрлік «Кұзгі жүлде», 3 000 метрлік «Қазақстандық Сент-Леджер», 1 800 метрлік «2017 жылғы бәйге маусымының жабылу салтанатының жүлдесі», 7 шақырымдық Жорға жарыс, 22 шақырымдық Аламан бәйге және 12 шақырымдық Құнан бәйге жарыстарын тамашалады.
Айта кетер жайт, бұл жарыс Алматы қалаллық ат байге федерациясы және «Алматы қалалық xалықаралық спорттық жобалар дирекциясы» МҚ-ның ұйымдастыруымен және Дене шынықтыру және спорт басқармасының қолдауымен өткен болатын.