Алматыдағы атыс: Қылмыстық іс қозғалды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда сот шешімін орындау барысында 5 адам қаза болды, оның ішінде 2 учаскелік полиция инспекторы мен сот орындаушысы да бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Қайғылы оқиға бүгін шамамен 17.00 -де екі адамның меншік құқығына қатысты дауы бойынша сот шешімін орындау кезінде болды.

Сот шешімімен танысқан соң, жергілікті тұрғын үйге жүгіріп барып, сот орындаушысына, учаскелік полиция инспекторларына және аулада болған басқа адамдарға қарудан оқ жаудырды.

Бес адам, оның ішінде қызметте болған екі полиция қызметкері, оқтан жарақат алып, көз жұмды.

«Күдікті арнайы жасақ сарбаздарының қатысуымен қару қолданылмай ұсталды, өйткені үйде әйелдер мен балалар болды. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99 бабы 2 бөлігі «Кісі өлтіру» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қылмыс жасағаны үшін 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған»,- деді Алматы қалалық Полиция Алматы полиция департаменті басшысының орынбасары Рүстем Әбдірахманов.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Оқиға болған жерді полиция қоршауға алды.

Азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп жоқ.

Айта кетейік, осыған дейін Алматыда атыс болып, 5 адамның қаза тапқанын хабарлаған болатынбыз.
Соңғы жаңалықтар