Алматыдағы атыс: сот күдіктінің әйелі түсірген шағымды кейін қарайды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Қалалық сот Алматыда бес адамды атып өлтірген Игорь Дужновтың әйелі түсірген шағымды қарауды кейінге қалдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Анаида Демирчян қалалық сотқа осыған дейін аудандық сот кейінге қалдырып келген отбасын үйден шығару туралы шешімге қатысты апелляциялық шағым түсірді. Бірақ Алматы соты талапкердің болмауына байланысты отырысты кейінге қалдырды. Себебі, үйдің жаңа иесі атыс кезінде қаза тапты. Заңға сәйкес, оның қайтыс болғаны туралы куәлік қажет.

Бұл құжат әлі дайын болмағандықтан, сот шағымды қарауды 5 қазанға қалдырды.

Айта кетейік, 20 қыркүйек күні Алматыда атыс болып, 5 адамның қаза тапқанын хабарлаған болатынбыз.

Аталған жағдай бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Кінәлі адам 20 жылға дейін немесе өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін.



Соңғы жаңалықтар