Алматыдағы атыста Зәуреш Аманжолованың туысы көз жұмды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыдағы атыста «Нұр Отан» партиясынан ҚР Мәжілісінің депутаты Зәуреш Аманжолованың жақын туысы қаза тапты.
Депутат жедел жәрдем ауруханасына келушілердің қатарында болды.
«Иә, мен туысымнан айырылып қалдым», - деді ол бас дәрігердің кабинетінен шыққан соң.
Қалалық ІІД анықталған ақпаратына сәйкес, атыста үш полицей ажал құшты.
Еске сала кетейік, белгісіз біреулер қаланың бірнеше ауданында оқ атты - Алматыда ҰҚКД ғимараты, Абылай хан даңғылы, сонымен қатар Абай даңғылы қоршауға алынды.
Алматы қаласының денсаулық сақтау басқармасының ақпаратынша, кешкі сағат 17.00 жағдай бойынша қаланың медициналық ұйымдарында бүгін таңертең болған атыс салдарынан жапа шеккен 8 адам жатыр.
Қалада террористік қауіптің қызыл деңгейі жарияланды.