Алматыдағы Әуезов ауданы 40 жылдық мерейтойын атап өтуде
АЛМАТЫ. 21 наурыз. ҚазАқпарат - Алматыдағы Әуезов ауданы өзінің құрылғанына 40 жыл толуын атап өтуде
«Ауданның 40 жылдық мерейтойы шығыс халықтарының ұлы мерекесі Наурызбен тұспа-тұс келіп отыр. Наурызды Жылдың басы деп ата-бабаларымыз бекер атамаған. Осы күні күн мен түннің теңелетін күні. Осы кезден бастап жер көгеріп, бәйшешектер шығып, құстар қайтып келіп, ағайын-туыс, жоро-жолдас пен көршілер бір-бірімен қауышып, мерекемен құттықтап, жақсылық тілейді. Биылғы Наурыз баршаңызға жақсылық, бақ-береке әкелсін. Құтты, берекелі жыл болсын», - деді қала әкімі Ахметжан Есімов.
Жалпы 310 мың тұрғыны бар Әуезов ауданы 40 жыл бұрын 1972 жылы наурыз айында құрылды. Ол қазір қаламыздағы ең ірі аудан. Е. Есімовтың айтуынша, халқының саны жағынан қазір ол еліміздегі кейбір облыс орталықтары Қызылжар, Көкшетау, Талдықорған сияқты қалалардан да үлкен. Өндірістік, әлеуметтік салалары жақсы дамыған Әуезов ауданында қазір 35 мектеп және 39 мың студент білім алып жатқан 7 жоғары оқу орны, 29 орта кәсіптік арнайы оқу орындары бар. Аудандағы мектепке дейінгі 265 білім беру мекемесінің 16-сы өткен жылы ашылды. Былтыр сондай-ақ, 26 аула көгалдандырылып, 35 көшеде 23 шақырым жол жөнделді.