Алматыдағы Baganashil Hills коттедж қалашығы бұзылуы мүмкін

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматыдағы Baganashil Hills коттедж қалашығы бұзылуы мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін Алматы әкімі Ерболат Досаев Бостандық ауданы тұрғындарымен кездесті. Оның барысында аудан тұрғындары басшылыққа өздерін толғандырған жайттарға қатысты сұрақтарын қойды.
«Мен Бостандық ауданында орналасқан «Алатау-2» бау-бақша серіктестігінде тұрамын. Бұрынғы өзен арнасының орнына, яғни сайда Baganashil Hills коттедж қалашығының құрылысы басталды. Соның салдарынан кейбір көрші үйлердің қабырғасы жарылып жатыр. Бірнеше жылдан кейін бұл барлығына қиындық тудыруы мүмкін, өйткені ол - өзен арнасы»,- деді аудан тұрғыны.
Қала құрылысын бақылау басқармасының басшысы Бақытжан Наурызбеков аталған құрылысқа қатысты істің сотқа жолданғанын мәлім етті.
«Бүгінгі күні біз құрылысты бұзу үшін сотқа жүгіндік. Онда 10-ға жуық екі қабатты жеке тұрғын үйдің құрылысы заңсыз басталды. Құрылысқа тыйым салу бойынша талап-арыз дайындалу үстінде»,- деп жауап берді басқарма басшысы.


Соңғы жаңалықтар
telegram