Алматыдағы балалар үйінен өрт шықты

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда балалар үйі өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат қаланың Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматыдағы балалар үйінен өрт шықты

Өрт оқиғасы Бостандық ауданында қарасты Бағанашыл шағын ауданында Сырғабеков көшесінде болды. Өрт туралы хабар құзырлы органдарға сағат 23-03-тер шамасы кезінде келіп түскен.

«Төтенше жағдайлар саласының қызметкерлері хабарды алысымен оқиға орнына жетті. Олар өртті сөндірумен айналысып, бір мезгілде адамдарды қауіпсіз аймаққа көшірді. Қосымша ақпараттар кешірек болады»,-деп хабарлады Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетова.

Еске сала кетейік, Алматыда осыған дейін ірі өрт оқиғасы 6 қараша күні Almaty Towers бизнес-орталығында орын алды. Осы оқиғаның салдарынан 6 адам мерт болды. Оқиға бойынша «Батут орталығы» ЖШС-нің директоры қамауға алынды.