09:51, 16 Маусым 2010 | GMT +5
Алматыдағы банктердің бірінде жарылғыш зат қойылды деген ақпарат жалған болып шықты
АСТАНА. Маусымның 16-сы. ҚазАқпарат - Сейсенбі, маусымның 15-і күні белгісіз біреу Алматыдағы банктердің бірінде жарылғыш зат орнатылғандығы туралы қоңырау шалған,

деп хабарлады ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
Төлеби көшесі, 55 мекен жайында орналасқан «Каспий банк» АҚ ғимаратында бомба қойылды деген ақпарат Алматы қаласы Ішкі істер департаментіне сағат 11.40-та келіп түскен.
Арнайы іс-шараларды жүргізу барысында жарылғыш зат табылмаған.
Сонымен қатар, телефон бұзақылары Алматы облысы Панфилов ауданы Көктал ауылдық әкімдігіне мина қойылғандығы туралы да хабарлаған. Бірінші жағдайдағы сияқты арнайы жүргізілген шаралар барысында мина табылмаған.