Алматыдағы барахолка аумағында жеке үй өртенді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жеке тұрғын үй өртенді.

Алматыдағы барахолка аумағында жеке үй өртенді

Алматы ТЖД ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетованың ақпаратынша, Алатау ауданы Заря Востока шағын ауданы Головацкий көшесі, 61 мекен-жайы отқа оранған.

«Өрт туралы хабар сағат 17.50 келіп түсті. Оқиға орнында өрт сөндірушілер тілсіз жаумен күресіп жатыр. Қызыл жалын шарпыған аумақ пен өзге ақпарат кейін белгілі болады», - деп атап өтті ол.

Еске сала кетейік, 18 қыркүйекте Алматыда «Олжа» базарының қойма ғимараты отқа оранған болатын. Оны ауыздықтауға 360-тан астам адам, елуден астам техника, соның ішінде екі тікұшақ  тартылды.  Өрт 3 мың шаршы метр аумақты шарпыды.