Алматыдағы «барахолкада» бутик өртеніп жатыр
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда "барахолкада" бутик отқа оранды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қалалық ТЖД ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетованың айтуынша, Алатау ауданы Солтүстік айналма жолы 8 мекенжайындағы өрт туралы хабарлама таңғы 8:35-те түскен.
Қазір өрт сөндірушілер оқиға орнында жұмыс жасап жатыр.
Қосымша мәліметтер кейінірек жарияланады.