09:29, 15 Қараша 2013 | GMT +5
Алматыдағы базарда үш сауда дүңгіршегі отқа оранды - ҚР ТЖМ
АСТАНА. 15 қараша. ҚазАқпарат - Алматы қаласында «Жұлдыз-Сауда» ЖШС базарында халық тұтынатын тауарлары бар үш сауда дүңгіршегін жалын шарпыды.

60 шаршы метр жер өртенді, деп хабарлады ҚР ТЖМ.
Тілсіз жау 40 минуттан кейін ауыздықталды. Оған ҚР ТЖМ Алматы қаласының ТЖД өрт сөндіру қызметінің 14 техникасы мен жеке құрамның 40 адамы жұмылдырылды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.