Алматыдағы бокс кеші: Жақсылық Хафнерді бірінші раундта нокаутпен жеңді

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Алматы Аренада» өткен кәсіпқой бокс кешінің пердесі Жақсылық Қырғызәлі мен мажарстандық Френк Хафнер жекпе-жегімен ашылды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА.
None
None

Орта салмақ өкілдерінің айқасы басталмай жатып бітіп қалды. Бірінші раундта Жақсылық қарсыласын екі рет нокдаунға жіберді. Содан кейін Хафнер жекпе-жекті жалғастырудан бас тартты. Техникалық нокаут қазақстандық боксшының есебіне жазылды.

Бұл Қырғызәлінің карьерасындағы төртінші жеңіс болды (екі рет жеңілген). Осымен 39 жекпе-жегін өткізген Френк Хафнер 14-ші рет жеңіліске ұшырады. 

Айта кетелік, бұлардың айқасы Шарипова-Гонтарюк титулдық жекпе-жегінің андеркартында өткізілді.

Соңғы жаңалықтар