Алматыдағы Боралдай көшесі бір айға жабылады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Су құбыры мен кәріз желілерін тарту үшін Боралдай тасжолында қозғалыс шектеледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыдағы Боралдай көшесі бір айға жабылады

Алматы қаласы энергетика және сумен жабдықтау басқармасының мәліметінше, 5 шілдеден 3 тамызға дейін Алатау ауданы аумағындағы Боралдай тасжолы Барыс көшесінен Жаужүрек көшесіне дейін жабылады. Бұл аумақта көлік қозғалыс екі бағытта да шектеледі.

«Суқұбыры мен кәріз желілерін салу бойынша жұмыстарды жүргізу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін уақытша шектеулер енгізіледі. 3,5 км су құбыры және 2,8 км кәріз желісі салынады. Бұл жобаның арқасында Алатау ауданының 2,5 мың тұрғыны тұрақты желілермен қамтылады», - деп хабарлады басқармадан.

Биыл барлығы 20 нысан бойынша 108,4 км су құбыры және кәріз желісін салу жоспарланған, бұл халықтың орталықтандырылған сумен жабдықтау қолжетімділігін 99,2%-ға дейін арттыруға мүмкіндік береді.