Алматыдағы Бостандық ауданының әкімі қызметіне Раушан Асанова тағайындалды
АЛМАТЫ. 28 ақпан. ҚазАқпарат - Алматы қаласы әкімінің өкімімен Бостандық ауданының әкімі қызметіне Раушан Асанова тағайындалды,
деп хабарлады қала әкімінің баспасөз қызметінен.
Бұған дейін бұл ауданды басқарған Зауреш Аманжолова кеше Алматы қаласы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалған болатын.
Раушан Есенқызы Асанова 1972 жылы 30 мамырда дүниеге келді. 1994 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін тәмамдады. Мемлекеттік қызметте түрлі қызметтерді атқарды. 2008-2012 жылдар аралығында Алматыдағы Түрксіб ауданы әкімінің орынбасары болды. 2012 жылдан бастап - Алматы әкімі аппараты басшысының орынбасары.