Алматыдағы «Christmas Art Fair-2016» жәрмеңкесіне биыл 300 шебер туындысын алып келді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - ҚР Орталық мұражайында 15-18 желтоқсан аралығында Орталық Азиядағы ірі «Christmas Art Fair-2016» арт-жәрмеңкесі өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматыдағы «Christmas Art Fair-2016» жәрмеңкесіне биыл 300 шебер туындысын алып келді

Аталған мұражай мен «Шығармашылық маусымы» өткізіп жатқан «Christmas Art Fair-2016» арт-жәрмеңкесі дәстүрлі шараға айналған. Биылғы жобада 300-ден астам өнер иелерінің көркемсурет қол өнер туындылары қойылған.

null   

Шара күндері ресейлік суретшілер Петр Фролов және Наталья Турдың қылқаламынан туған шығармалар мен Ольга Лебедеваның киім сән үлгісі, Анастасия Елисееваның қуыршақтары және өзге де шеберлердің асыл бұйымдары көрермен назарына ұсынылады.

null  

«Бізде 300-ден астам шебердің туындысы бар. Былтыр 260 қатысушы болған. Дәстүрге айналғандай, биыл да Өзбекстан, Қырғызстан, Ресейден шеберлер келді. Сонымен қатар, Германия, Грузиядан дизайнерлер келді. Әр шарамыздың өз көрермені бар. Былтыр жәрмеңкемізге 8400 адам келсе, биыл 10 000 адам келеді деп топшылап отырмыз»,- деді шараның ұйымдастырушысы Елена Боровикова.

null  

Жәрмеңке аясында жиһазды қайта өңдеу және Тігін үйі мамандары тарапынан шеберлік сағаттары өткізелді. 

null null null null null null