Алматыдағы «Даму» қорының әкімшілік ғимаратында өрт шықты

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда «Даму» қорының әкімшілік ғимаратында өрт шықты. Бұл туралы Алматы қаласы ТЖД ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетова хабарлады.

Оның мәліметтерінше, бүгін сағат 21:06-да Алматы ТЖД пультіне Алмалы ауданындағы Гоголь көшесі, 111 мекенжайында орналасқан «Даму» қоры әкімшілік ғимаратының 6-қабатында лифті күшті түтіндегені жөнінде хабар келіп түсті.

«Оқиға орнына сағат 21:11-де, бес минуттан кейін келіп үлгерген алғашқы өрт сөндіру жасақтары алынған ақпаратты қуаттады. 6-қабат күшті түтіндегені байқалды. Өрт сөндірушілер "тілсіз жауды" сөндіруге шұғыл кірісті, сонымен қатар ғимаратта адамдардың бар-жоғын тексердіЖедел қолға алынған шаралардың нәтижесінде өрт сағат 21:25-те ауыздықталып, сағат 21.38-де сөндірілді», - деп хабарлады ол.

Өрт 20 шаршы метр аумақты шарпыды. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. 

Соңғы жаңалықтар
telegram