Алматыдағы Достық" спорт кешенінде Ұлттық лигадағы ерлер командалары арасында ХХ Қазақстан чемпионаты аясында "Алматы" мен Атыраудың "Барыстар"-ының сайысы өтіп жатыр

АЛМАТЫ. 15 қараша. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Бүгін Алматыдағы "Достық" спорт кешенінде Ұлттық лигадағы ерлер командалары арасында ХХ Қазақстан чемпионаты аясында "Алматы" мен Атыраудың "Барыстар"-ының сайысы өтіп жатыр. Қазір турнир кестесінде 6 ойыннан кейін 12 ұпаймен "Астана" бірінші, 10 ұпаймен "Барыстар" екінші, 9 ұпаймен "Каспий" (Астана) үшінші орында тұр.
None
None

Олардан 2 ойыны кем алматылықтардың қоржынында қазір 7 ұпай бар. Ал "Атырау" - 6 (6 ойыннан кейін), "Тобыл" (Қостанай) - 4 ұпай (4 ойыннан кейін) жинады.

Игорь Тихоненко жаттықтыратын оңтүстік астаналықтардың көш басындағы командаларды қуып жетуге толық мүмкіндігі бар. Бұл үшін олар өз алаңында бүгін және ертеңгі 2 кездесуде сәтті ойын өрнегін көрсетуі керек. Бас бапкер бұл сында Евгений Ермаков(1989), Берік Исмаилов(1990), Александр Кузнецов (1989), Роман Кшнякин (1982), Максим Марчук (1994), Роман Марчук (1993), Рүстем Мырзағалиев (1992), Максим Отбозин (1980), Александр Пашков (1985), Владимир Рыбаков (1989) пен команда капитаны - Максим Смирновқа (1986) үміт артып отыр.

Соңғы жаңалықтар