Алматыдағы Достық үйінде ҚР Президентінің Жолдауы талқыланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматы қаласындағы Достық үйінде ҚР Президентінің «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» Қазақстан халқына Жолдауын талқылау бойынша кездесу өтті.
None
None

Аталмыш іс-шараға ҚХА Төрағасының орынбасары - Хатшылық меңгерушісі Ералы Тоғжанов, ҚХА Төрағасының орынбасары Любовь Ни, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Жұматай Алиев, ҚХА мүшелері, мемлекеттік мекемелер, этномәдени бірлестіктер мен БАҚ өкілдері, жастар қауымы, ғылым мен мәдениет қайраткерлері қатысты.

Ералы Тоғжанов өз сөзінде Елбасы жолдауы уақыт талабына қайтарылған жауап екендігін айтты. Қоғам өзекті мәселелер бойынша нақты жауап алды, уақыт талаптарына төтеп бере алатын әрекеттердің тұтастай стратегиясы айқындалды.

Сондай-ақ, ҚХА Төрағасының орынбасары Қазақстанның жетістігі оның бірлігі мен келісімінде екендігін атап өтті. Сол себепті Жолдауда көрсетілген тапсырмалардың іске асырылуына Қазақстан халқы Ассамблеясы тікелей әрі белсенді атсалысуы тиіс. Ең алдымен бұл - Елбасы Жолдауы бойынша халық арасында ауқымды түрде түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, қойылған барлық тапсырмалардың іске асырылуы үшін барша азаматтарды жұмылдыру.

Іс-шара барысында Қоғам қайраткері Мұрат Әуезов, ҚХА ғылыми-сараптамалық кеңесі төрағасының орынбасары, т.ғ.д., профессор Георгий Кан, «Ирныхас» Алматы қалалық осетин этномәдени бірлестігінің төрағасы Қазбек Мамсұров, поляк этномәдени бірлестігінің төрағасы Олег Червинский, Алматы қ. №153 мектеп-гимназиясының директоры Шавкат Умаров, «Алматы» телеарнасы бас директорының кеңесшісі Давид Сукиасян, «Жарасым» республикалық жастар ұйымының мүшесі Вакиль Набиев баяндама жасады.

Кездесу соңында «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл» мерейтойлық медальдары мен Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған естелік белгілер тапсырылды.

Соңғы жаңалықтар