Алматыдағы экологиялық ахуалды жақсарту мақсатында «ҚазТрансГаз» АҚ-ы мен қала әкімдігі арнайы меморандум жасасты

АЛМАТЫ. Наурыздың 4-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматыда жеке сектор толықтай табиғи газбен жылытуға ауыстырылатын болады.

Алматыдағы экологиялық ахуалды жақсарту мақсатында «ҚазТрансГаз» АҚ-ы  мен  қала әкімдігі арнайы  меморандум жасасты

Бұл туралы бүгін Алматыда "ҚазТранГаз" АҚ-ы мен қала әкімдігі арасындағы меморандумға қол қою рәсімінде айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Самрұқ-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорымен жасалған келісімнің аясында бүгін "ҚазТрансГаз" АҚ-мен меморандумға қол қойып отырмыз. Ол бойынша мынадай негізгі міндеттер жүзеге асырылмақ. Бірінші, қуат тапшылығын азайту. Екінші, экологиялық ахуалды жақсарту. Үшінші, қоғамдық көлікті газға ауыстыру. Төртінші, жылу көздерін қатты отыннан табиғи газға ауыстыру", дейді қала әкімі Ахметжан Есімов. А.Смағұлұлының айтуынша, бұл меморандум аясында 2 миллиард теңгеге жуық қаржының іс-шараларын жүзеге асыру жоспарланып отыр. Қалада қазір жеке сектордың 20 пайызы әлі газдандырылмаған. Олар енді 2 жылдың ішінде табиғи газбен жылытуға ауыстырылатын болады. Жалпы, Алматыда ауаға таралатын зиянды заттардың 80 пайызға жуығы автокөліктерден бөлінеді. Ал 8 пайызы жеке сектордан, 8 пайыздан астамы жылу көздерінен таралады.