Алматыдағы ең ірі көшелердің бірі ішінара жабылады
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласындағы ірі көшенің бірі - Қ. Сәтбаев көшесі бір аптаға ішінара жабылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Алматы қалалық мобильділік басқармасының мәліметінше, 2021 жылдың 24 тамызы мен 1 қыркүйегі аралығында Қ.Сәтбаев көшесінде Егізбаев көшесінен Манас көшесіне дейін көлік қозғалысы шектеледі.
«Жол жөндеу жұмыстарына байланысты 24 тамызы мен 1 қыркүйегі аралығында түнгі сағат 22:00-ден таңғы сағат 06:00-ге дейін Қ.Сәтбаев көшесінде Егізбаев көшесінен Манас көшесіне дейін көлік қозғалысы жабылады. Келтірілген қолайсыздық үшін алматылықтардан кешірім сұраймыз», - деп хабарлады басқармадан.
Сонымен қатар, жүргізушілерге жол жүру бағытын алдын ала жоспарлауға кеңес берді.
Айта кетейік, 25 қыркүйекке дейін Төле би көшесінің кей учаскелерінде көліктердің жүруіне тыйым салынды.