Алматыдағы эпидемиологиялық жағдай тұрақты - қала әкімінің орынбасары
АЛМАТЫ. Шілденің 29-ы. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Алматыда эпидемиололгиялық жағдай тұрақты.Қаланың барлық медициналық мекемелері A/H1N1 тұмауы пайда болса күресуге дайын және алдын-ала барлық шаралар қарастырылған.Сондықтан ешқандай алаңдауға негіз жоқ.Бұл туралы бүгін Алматыда A/H1N1 тұмауының алдын алу және емдеу штабының отырысында қала әкімінің орынбасары Серік Сейдуманов айтты,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оның айтуынша, туристік компаниялардың мәліметі бойынша шет елдерде 24 500 адам жүр.Сондай-ақ қалаға шет елден де қонақтар көптеп келуде. «Сондықтан, ішінара кездесіп қалып жатқан тұмаумен күрес күнделікті жүргізілу қажет.Тұрғындарға тұмау туралы түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, эпидоортаны бақылау қажет», деді С.Сейдуманов.
Қала әкімі орынбасарының айтуынша, қаладағы дәріханаларда 300 000 қорап оксолин майы қоры бар.Қажет болған жағдайда, қосымша сатылынып алынады.Вирусқа қарсы «тамофлю» дәрісінің бүгінгі қоры қазіргі жағдайда жеткілікті. «Эпидемиологиялық жағдай туа қалса, қала әкімінің қаулысымен аталған дәріні жеткілікті мөлшерде сатып алуға қосымша қаржы бөлінді», деді С.Сейдуманов. Қазіргі кезде қалада тұмау ауруы күдігімен дәрігерге 42 адам қаралған, оның 1 жағдайы ғана расталған. С.Сейдумановтың айтуынша, тұмаудың алдын алу үшін тұрғындардың 10 пайызына кәдімгі тұмауға қарсы егу жұмыстары жүргізілмек.
Қала әкімінің жанынан құрылған штаб мүшелері әрбір 3 күн сайын жиналып, тұмаудың алдын алу, емдеу бағыттарын бақылануы туралы есеп беріп отырады.Бүгінгі отырыс барысында 12 000 доллар тұратын икемді қызу есептегіш құралды алу мәселесі сөз болды. Бұндай құрал әзірше тек Алматы халықаралық әуежайында ғана бар.