Алматыдағы ерлі-зайыпты журналистер ісі: Владимир Северный қамауға алынды

None
Фото: ratel.kz
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда журналист Владимир Северный екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алматы мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының 2023 жылы 22 сәуірдегі ақпараты бойынша, сот қаулысымен тергеу органдарының өтініші қанағаттандырылып, Владимир Северныйға қатысты әрекетті саралау туралы қаулы шығарылғанға дейін оны «екі ай күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берілді. Яғни 2023 жылдың 20 маусымына дейін», - делінген сот хабарламасында.
Сондай-ақ мамандандырылған ауданаралық тергеу соты журналист Наргиз Северныйды «екі айға үйқамаққа алу» түріндегі бұлтартпау шарасын қолдану туралы қаулы қабылдады.
Еске салайық, 21 сәуір күні жағымсыз ақпараттардың жарияланбауы үшін ЖШС басшылығынан ақша бопсалаған ерлі-зайыпты журналистер ұсталған болатын. Олар қаражаттың бір бөлігін алу кезінде қолға түсті.


Соңғы жаңалықтар