Алматыдағы Есентай өзені арқылы өтетін көпірде көлік қозғалысы күзге дейін шектеледі

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматыда 1 қыркүйеккке дейін Есентай өзені арқылы өтетін көпір бойынша қозғалыс шектеледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

Алматы қалалық мобилділік басқармасының мәліметінше, Есентай өзені арқылы өтетін көпірде көлік қозғалысы 6 маусымнан бастап шектеледі.

«Алматы қаласындағы әл-Фараби даңғылының бойындағы Есентай өзені арқылы өтетін көпірді реконструкциялау» нысаны бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталуына байланысты 6 маусым сағат 08-00-ден 1 қыркүйеккке дейін Есентай өзені арқылы өтетін көпір бойынша шығыс бағытта көлік қозғалысы шектеледі»,- деп хабарлады басқармадан.

Көлік қозғалысы шығыс бағытта үш жолақ орнына екі жолақ бойынша жүзеге асырылады. Батыс бағытта көлік қозғалысы өзгеріссіз жүргізіледі.

«Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және жол жүру бағыттарыңызды алдын ала жоспарлауларыңызды сұраймыз», - делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар