Алматыдағы «Халық банкі» ғимаратында болған өрттен бір адам зардап шекті
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда «Халық банкі» ғимаратынан өрт шықты, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісіне осы оқиғаны көрген адам.
Белгілі болғандай, өрт бүгін кешке Розыбақиев-Сәтбаев көшелерінің қиылысында болған. Жалын салқындатқыш тұрған қосалқы үй-жайдан шыққан.
Өрт екі шаршы метрге жайылған. Түтінге уланған бір адам ауруханаға жатқызылды.
Оқиғаның басы-қасында болған жанның айтуынша, қазіргі уақытта тілсіз жау ауыздықталды.