Алматыдағы Халықаралық конференцияда қазақы тазы мен төбетті көбейту мәселесі талқылануда (ФОТО)

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Қазақы тазы мен төбетті сақтап, дамыту» тақырыбында Халықаралық конференция өтіп жатыр.

Алматыдағы Халықаралық конференцияда қазақы тазы мен төбетті көбейту мәселесі талқылануда  (ФОТО)

Іс-шараның басында ҚР Ұлттық банкі мен «Қазпошта» АҚ тазы мен төбет бедерленген монета мен марканы көпшілік назарына ұсынды. Марка «Төбет-Қазақы ит» қорының жетекшісі Данияр Дәукейдің бастамасымен шығарылғанын айта кеткен жөн.

Пошта маркасы 11 х117 мм көлемінде, 20 мың данамен ҚР Ұлттық

банкінің банкнот фабрикасында басылды. Авторы - суретші Сергей Машев.

«Қазпошта» АҚ пошталық төлем белгілері басқармасының бастығы Диас Әбілдаев маркаға қатысты түсініктеме бере кетті.

«Бұл марка бүгін «Қазақ тұқымының иттері» атауымен басылып шықты. Оларды арнайы пошта бөлімшелерінен сатып алуға болады. Марка кіші қағаз, яғни блок түрінде шығарылды. Ол төрт кішігірім маркалардан тұрады. Олардың бағасы - 200, 140, 400 және 60 теңге болып келеді. Жалпы бағасы - 800 теңге», - деді ол.

Бүгінгі іс-шара ҚР БжҒМ «Зоология институты» РМК және «Қансонар» республикалық Қауымдастығының ұйымдастыруымен өтіп жатыр.

Оған, зоолог-ғалымдар, тазы мен төбеттерді өсіретін мамандар және басқа да мүдделі тұлғалар қатысуда.
null null null null null null null null null null