Алматыдағы интернет клубтардың біріне жарылғыш зат қойылды деген ақпарат түсті
ТАНА. 11 мамыр. ҚазАқпарат - Алматыда интернет клубтардың біріне жарылғыш зат қойылған деген жалған ақпарат түскен.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметтеріне қарағанда, 10 мамыр, яғни сейсенбі күні «102» телефоны бойынша қаладағы, нақтырақ айтқанда Әуезов пен Жандосов көшелерінің қиылысында орналасқан интернет-клубтардың біріне жарылғыш зат қойылды деген анонимді ақпарат келіп түскен. Осыған байланысты арнайы тексеру жұмыстары жүргізіліп, жарылғыш зат анықталмаған. Бұл шараға төтенше жағдайлар саласы жеке құрамының 3 мүшесі мен Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің 2 техникасы жұмылдырылған. Қауіпсіз аймаққа 18 адам көшірілген. Олардың 12-і балалар.