Алматыдағы кәсіпорындар индустриялық аймаққа көшіріледі – Асқар Әмрин

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматыдағы кәсіпорындар индустриялық аймаққа көшіріледі. Бұл туралы мәслихат сессиясында қала әкімінің орынбасары Асқар Әмрин айтты, деп хабарлайды Қазақпарат тілшісі.
None

Сессия барысында депутаттар қала басшылығына өз сұрақтарын қойды.

«Тұрғындарды толғандыратын мәселенің бірі – қаламыздың ішінде орналасқан ірі өнеркәсіптер. Соларды қаланың сыртына шығару керек. Өзіңіз білетіндей, Түрксіб, Жетісу аудандарында «Темірбетон», сондай ақ басқа да кәсіпорындар санитарлық норма сақтамай, тұрғын үйлерге жақын орналасқан. Осы мәселеге байланысты қаламыздың бас жоспарында қандай жұмыстарды жүргізу жоспарлануда?»,- деп сұрады депутат Дастан Жантелиев.

Асқар Әмрин аталған мәселе әкімдік бақылауында екенін жеткізді.

«Бұл сұрақ біздің бақылауымызда, оны шешу мақсатында бірқатар іс-шара жоспарланған. Биыл «Солтүстік» полицентрінің мастер-жобасы әзірленеді. Оның ішінде индустриялық аймаққа көшіруі қарастырылған. Қаңтар айында агломерацияны дамыту туралы заңы шықты, заңға сәйкес агломерация кеңесі құрылып жатыр. Кеңес кәсіпорындарды индустриялық аймаққа және агломерациясының аумақтарына көшуі қарастыратын болады»,- деп жауап берді қала әкімінің орынбасары.


Соңғы жаңалықтар