Алматыдағы Қазақ ұлттық медицина университетінде «Университет күндері» аталып өтілуде

АЛМАТЫ. Желтоқсанның 2-сі. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Бүгін Алматыда С. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті  «Университет оқулары» аясында халықаралық ғылыми-теориялық конференция өткізіп жатыр,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Шараның негізгі тақырыбы - қазіргі әлемдегі кардиологияның өзекті мәселелері болып отыр. Конференцияға Ресей, Германия және Қырғызстаннан профессорлар келіп, «Кардиологияның заманауи аспектілері: Диагностика және емдеу», «Кардиоваскулярлық жүйе паталогияларының нутрициональді аспектілері», «Жүрек-қантамыр жүйесі аурулары-психосоматикалық аурулар», «Орта Азиядағы кардиологияның бүгінгі проблемалары» тақырыптарында баяндамалар оқып, өздерінің тәжірибелерімен бөлісті.

«Біздің оқу орнымыздың тарихы - 1930 жылы 2 желтоқсан күні С.Ж. Асфендияровтың «Қазақ мемлекеттік медицина институтының директоры» қызметіне тағайындалғанынан басталады. Ол кезде 2-3 адам болып басталған университет бүгін үлкен оқу ордасына айналып отыр. Былтырдан бастап осындай кең көлемді конференция ұйымдастырып отырмыз, оған 9 мемлекеттен әріптестеріміз келіп отыр» дейді университет ректоры Айқан Ақанұлы. Сонымен қатар ол қазіргі уақытта университетте 10 мың студент білім алып жатқандығын, 150-дей профессор және жалпы 1500-дай оқытушылар қызмет етіп жатқандығын жеткізді. 

Бұл шара желтоқсанның 4-іне дейін жалғасын таппақ. Оған Қазақстанның барлық медицина оқу орындарының, облыстық денсаулық сақтау басқармаларының, жетекші ғылыми-зерттеу институттарының және медицина ұйымдарының басшылары мен студенттер қатысуда.

Соңғы жаңалықтар