11:25, 24 Қаңтар 2011 | GMT +5
Алматыдағы ҚазЭУ-де 48-ші «Денсаулық-2011» спартакиадасы басталды
АЛМАТЫ. 24 қаңтар. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Бүгін Алматыдағы Т. Рысқұлов атындағы ҚазЭУ-де қызметкерлер арасында дәстүрлі түрде өтетін 48-ші «Денсаулық-2011» спартакиадасы басталды.

Қаңтардың 28-не дейін жалғасатын шараға университеттің 5 факультеті мен басқа да бөлімшелерінен 400-ге жуық адам қатысады.
«Жылда өткізілетін шараның негізгі мақсаты - қызметкерлеріміздің салауатты өмір салтын қалыптастырып, әрдайым спортпен шұғылданып жүруіне шақыру», -дейді университет спорт клубының төрағасы Владимир Томос.
Спартакиадаға қатысушылар қол күресі, баскетбол, волейбол, дартс, шағын футбол және шахмат пен дойбы сынды спорт түрлерінен сынға түседі. Бүгін әйелдер арасындағы волейбол және шахмат пен дойбыдан сайыс басталып кетті.