Алматыдағы ҚазҰАУ-де 7- қысқы Азиада чемпиондармен кездесу өтті

АЛМАТЫ. 11 ақпан. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Бүгін Алматыдағы Қазақ ұлттық аграрлық университетінде 7-қысқы Азия ойындарында тұғырдан секіруде чемпион атанған Евгений Левкин мен күміс жүлденің иесі Алексей Королевпен кездесу өтіп, олардың құрметіне концерт ұйымдастырылды.
None
None

Жиын барасында қонақтар жеткен жетістіктері жайында баяндап, алдағы жоспарлары мен еліміздегі спортты дамыту жөніндегі ойларымен бөлісті.

«Бұл ойындарға көп дайындалып, жаттығулар жасадық. Еңбегіміз еш кетпей, үлкен жетістіктерге қол жеткіздік. Еліміздің Әнұраны шырқалғанда өзіңнің абыройлы өнер көрсете білгенінді сезіне түседі екенсің», -дейді Е.Левкин.

Университеттің тәрбие ісі және қоғаммен байланыс департаментінің директоры Бауыржан Иманғалиевтың айтуынша, бүгінгі акциялық жиынның мақсаты - жастарды спортқа баулып, патриоттық рухта тәрбиелеу. «Әрбір жас еліне, Отанына деген сүйіспеншілігін арттырып, еліміздің мәртебесін көтере түсуі керек», -дейді ол.

Алматы қаласы бойынша аталған жоғары оқу орыннан 600 ерікті Азиадаға қызмет етті.

Алматы қаласы жастар саясаты басқармасының басшысы Бахтияр Мәкен университет атынан еріктілер қатарында болып, үлкен маңызды шараға үлес қосқандары үшін өзінің алғысын білдірді. «Бүгінгі жиында қала әкімі Ахметжан Есімов жастарымыз салауатты өмір салтын қалыптастырып, алдарына нақты мақсат қоя білсін деген оймен қаладағы әр оқу орнында спортшылармен кездесулер өткізуді тапсырды», -дейді Б.Мәкен.

Соңғы жаңалықтар