Алматыдағы кейбір жоғары оқу орындарының басшылары жатақханадағы жатын орынның бағасын көтеруге тырысуда

АЛМАТЫ. Ақпанның 12-сі. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматыдағы кейбір жоғары оқу орындарының басшылары жатақханадағы жатын орынның бағасын көтермекші. Бұл бүгін қала әкімі Ахметжан Есімовтің төрағалығымен бағаларды қадағалау және инфляциялық үдерістерді тоқтату мәселелері бойынша өткен отырыста айтылды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Оны алқалы жиында қала әкіміне прокурор Жақсылық Байтұқбаев хабарлады. «Қазақтың С. Асфендияров атындағы ұлттық медицина университеті жатақханадағы жатын орынның бағасын 2008 жылдың қыркүйек айында көтерген болатын. Бұл үрдіс онда әлі де жалғасуда. 10 айға бір рет төленетін жатын орын төлемінің көлемі 16 470-теңгеден 27 мыңға дейінгі аралықта. Қазіргі таңда құзырлы органдар онда тексеру жүргізуде», деген прокурордың хабарламасынан кейін Ахметжан Смағұлұлы өз орынбасары Серік Сейдумановқа арнайы міндет жүктеді. «Егер қажет болса, бұл мәселені келесі аптаның сейсенбі күні қарау керек. Мүмкін бізге оқу орындарының басшыларын да жинау керек шығар. Оған дейін қажетті ақпаратты жинаңдар. Олар қандай негіз бойынша жатақханадағы жатын орынның төлем ақысын көтермекші екен», деді әкім А. Есімов.
Соңғы жаңалықтар