Алматыдағы кітапханалардың қоры жаңа туындымен толықты

деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Біздің мақсатымыз - халқымыздың рухани байлығын жинау, көбейту және оны оқырманға жеткізу. Ғарифолла Әнес басқаратын «Арыс» баспасы бұл бағытта біздің қызметімізге қомақты үлес қосуда. Бүгін жаңа туындының тұсаукесері аясында баспа өзінің соңғы жылдары шығарған кітаптарының көрмесін ұсынып отыр. Олардың қатарында анықтамалықтар, ғылыми-танымдық, тарихи, медициналық және көркем әдебиеттер мен оқу құралдары бар. Көрмеге қойылған барлық кітаптар енді Ұлттық кітапхана қорына сыйға тартылмақ», дейді ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Орынбасар Исақов. Бұл шара кезінде «Елбасы және ел саны» кітабының авторы да өз туындысының топтамасын Алматыдағы барлық кітапханаларға тегін таратты. Олардың арасында ҚР Ұлттық кітапханасынан бөлек, Орталық ғылыми кітапхана, Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапхана, С. Бегалин атындағы республикалық балалар кітапханасы, Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы мен өзге де қалалық және салалық мәдениет ошақтары бар.