Алматыдағы «Қиял әлемі» саябағындағы өрт 2180 шаршы метр жерді қамтыды - Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі
АЛМАТЫ. 28 мамыр. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыдағы «Қиял әлемі» ойын-сауық паркінде таңертең басталған алапат өрт 13.33-те толық сөндірілді.
«Бізге бұл оқиға туралы қоңырау 06.26-да келіп түсті. Ал 06.35-те алғашқы бөлімше оқиға орнына жетті. Оны сөндіруге барлығы 10 негізгі, 6 арнайы техника және 65 өрт сөндіруші жұмылдырылған болатын. Олар 8:10-да өртті оқшаулағанымен, оны тек 13:33-те ғана толық ауыздықталды», - дейді Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің бас маманы Дариға Фазылжанова. Оның айтуынша, тілсіз жаудан 2180 шаршы метрлік қойма, медициналық пункті, асхана мен санитарлық торап зардап шеккен. Қазір өрттің шығу себебі мен одан келген материалдық шығынның көлемі анықталуда.