Алматыдағы коммуналдық көліктер толықтай газбен жүретін болады

Күн сайын қала көшелерінде 700 мыңға жуық көлік жүйіткиді. Сондықтан былтыр кейбір көшелерде қоғамдық көлік жүретін арнайы жолақ белгіленген. Ал енді 23 маусымнан бастап көлік тұрағы ақылы бола бастады. Күні бойы қаңтарылған көлігі үшін тұрақ бағасы да артады, сондықтан енді тұрғындар автобустар мен троллейбус немесе метромен қатынауға көше бастайды деген үмітте. Сондай-ақ биыл Алматыдағы қоғамдық көліктің тек жартысы табиғи газға көшіріледі. Мұнымен қатар ірі жылу электр орталығы газға ауыстырылған. Жиында Қанат Бозымбаев шаһардағы тиісті мекеме басшыларына газға ауыстыру жобаларын жасап, министрліктің қарауына жіберу керкетігін айтты.
«Ескі-құсқы қағаздар, жарамсыз электр бұйымдары мен басқа да тұрмыстық қалдықтарды алдын ала өңдеп алмай, жерге көмуге рұқсат берілмейді. Бұл талапты 2019 жылдан бастап орындау керек. Демек, қалдықтарды қайта өңдеуге ден қою қажет. Ол экологияға да, экономикаға да тиімді», - деді ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев.