Алматыдағы көпқабатты тұрғын үйден өрт шықты
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыдағы 9 қабатты тұрғын үйден өрт шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ҚР ІІМ ТЖ Комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«31 тамыз күні сағат 22:09-да Алатау ауданына қарасты Алғабас-9 шағын ауданындағы 9 қабатты тұрғын үйдің 6-шы қабатында 15 шаршы метр аумақ өртке оранды. 70 адам эвакуацияланды, олардың ішінде 20 бала бар. Тілсіз жау сағат 22:36-да ауыздықталып, 22:54-де толықтай сөндірілді. Оқиғаның салдарынан зардап шеккендер жоқ. Өрттің себептері анықталуда», - деді баспасөз қызметінің өкілі.
Өртті жою, адамдарды эвакуациялау және тағы да басқа жедел шараларға 26 өрт сөндіруші мен арнайы 8 техника қатысты.