Алматыдағы көппәтерлі үйде болған өрт салдарынан 20 адам көшірілді, ер адам қаза тапты
АСТАНА. 21 ақпан. ҚазАқпарат - Алматыдағы көппәтерлі үйде болған өрт салдарынан 20 адам көшіріліп, ер адам қаза тапты, деп хабарлайды ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметі.
Дүйсенбі, 20 ақпан күні Алматы қаласындағы Марков көшесі 48-дегі екі қабатты үйдің пәтерінде өрт болды. Жалын 30 шаршы метр аумақты шарпыды. 20 адам көшірілді. Оқиға орнынан 63 жастағы ер адамның мәйіті табылды.
Өртті сөндіруге ҚР ТЖМ-нің Алматы қаласы бойынша ТЖД өрт сөндіру қызметі жеке құрамының 23 адамы мен 6 техникасы жұмылдырылды.