Алматыдағы құрылыс жұмыстарының көлемі 14 пайызға артты

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- 2014 жылғы қаңтар-мамыр айларындағы құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) көлемі 69027,0 млн. теңгені құрады, бұл 2013 жылғы қаңтар-мамырмен салыстырғанда 14,0%-ға артық.

Алматыдағы құрылыс жұмыстарының көлемі 14 пайызға артты

Бұл туралы бүгін Алматы қалалық Статистика департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Алматы қаласындағы құрылыс жұмыстарының жалпы көлемінің басым бөлігін, яғни 86,5%-ын жекеменшік құрылыс ұйымдары атқарса, 13,3%-ы - шетелдік құрылыс компанияларының үлесінде, ал мемлекеттік меншік нысанындағы кәсіпорындар 0,2%-ын атқарған. Алматы қаласы құрылыс ұйымдарының үлес салмағы республика бойынша көлемнің 11,4%-ын құрады.

Тұрғын үй құрылысы саласында атқарылған құрылыс жұмыстарының көлемі 18854,4 млн. теңге немесе атқарылған құрылыс жұмыстары жалпы көлемінің 27,3%-ын құраған.