Алматыдағы М.Мәметова мен Ә.Молдағұлова атындағы саябақта Жеңіс күні атап өтілді (ФОТО)

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы облысы Алмалы ауданы әкімдігі М.Мәметова мен Ә.Молдағұлова атындағы саябақта Ұлы Отан соғысының Жеңіспен аяқталуының 71 жылдық мерейтойына орай мерекелік шара ұйымдастырды, деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметі.

Алматыдағы М.Мәметова мен Ә.Молдағұлова атындағы саябақта Жеңіс күні атап өтілді (ФОТО)

28 гвардияшылар-панфиловшылар атындағы саябақтағы Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қоятын салтанатты рәсімге Алмалы ауданының ардагерлері Алматы қаласының «OldTime» ретро-автокөліктер клубының автокөліктерімен құрметпен жеткізілді, сондай-ақ, автоклуб мүшелері ардагерлерді төл мерекелерімен құттықтап, Ұлы Жеңіске арнап гүл сыйлады. Жаңбырлы әрі бұлтты ауа райы айбынды жеңімпаздардың ұрпақтарына ұрыс даласынан оралмағандарға құрмет ретінде Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қоюға бөгет бола алмады.

Жеңіс күнін тойлау Мәншүк Мәметова мен Әлия Молдағұлова атындағы саябақта жалғасты. Ұлы Отан соғысының батыры, генерал Иван Панфиловтың немересі Алуа Байқадамова көзі тірі ардагерлерді Жеңіс күнімен құттықтап, аты аңызға айналған 28 гвардияшылар-панфиловшылар дивизиясының ержүрек қаһармандығы - бұл ешқашан да тарих беттерінен өшпейтін халықтың мақтанышы мен естелігі екендігін атап өтті.

Ауданның шығармашылық ұжымы қатысқан концерттік бағдарлама қойылды. Сахна төрінде соғыс жылдарындағы әндер шырқалды. Одан басқа, дәстүрлі әскери ботқа пісірілген дастархан жайылды. Шараға Ұлы Отан соғысы мен тыл ардагерлері, Ауғанстан мен жергілікті соғыс ардагерлері шақырылды.

Бүгінгі таңда Алмалы ауданында 128 Ұлы Отан Соғысының қатысушылары мен мүгедектері, соғысқа қатысқандардың 5 отбасы, 19 қоршауда болғандар, 16 концлагерь тұтқындары, 3749 тылда еңбек еткен жандар тұрады.

null null null null null null null