Алматыдағы медициналық мекемелерде инфекциялық қауіпсіздік тұрақты бақылауда

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматыдағы медициналық мекемелерде инфекциялық қауіпсіздік тұрақты бақылауда. Бұл туралы баспасөз мәслихаты барысында қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Иран Шаметеков айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Басқарма басшысының айтуынша, медицина ұйымдарында пациенттердің барлық санаты бойынша заңнамада белгіленген санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздікке қойылатын талаптарға сәйкестігіне ішкі өндірістік, СЭБД тарапынан жоспарлы сыртқы бақылау жүзеге асырылады.

«Орталық қалалық клиникалық ауруханадағы жағдай көрсеткендей, бұл пациенттерді уақытылы тестілеу және регламенттерді сақтау осы жағдайды оқшаулау бойынша іс-шаралар кешенін жүргізуге мүмкіндік берді. Тағы да қайталаймын және Сіздердің назарларыңызға қаланың медициналық мекемелеріндегі инфекциялық қауіпсіздік тұрақты бақылауда және қала тұрғындарына медициналық көмек көрсету кезінде жүйелі қауіп-қатер жоқ екеніне назар аударамын», - деп атап өтті Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Иран Шаметеков.

Сонымен қатар Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті, Алматы қаласы бойынша Медициналық және фармацевтикалық қызмет сапасын бақылау комитеті департаменті, ЖИТС орталығы, қалалық қан орталығы мамандарының қатысуымен санитариялық-эпидемиологиялық режимді сақтау және инфекциялық бақылау жүргізу бөлігінде қаланың барлық стационарына кешенді тексеру жүргізді.

Қала тұрғындарына медициналық көмек көрсету кезінде жұқтыру қаупі және жүйелі қауіптер жоқ.

Айта кетейік Алматыда АИТВ инфекциясын жұқтыру фактісі бойынша эпидемиологиялық тексеру аяқталды. Бұған дейін Алматы орталық ауруханасының басшысы Нариман Табынбаев қызметінен босатылғаны туралы жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар