Алматыдағы ММА кешінде Жансерік Жақсығұлов түрікті нокаутқа жіберді

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Аралас жекпе-жек шебері қазақстандық Жансерік Жақсығұлов Octagon 39 турнирінде түрік спортшысы Фатих Шентуркке (2-1) қарсы айқас өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Жекпе-жек соңына қарай қазақстандық файтер алдымен – қолымен, кейін тізесімен бірнеше жойқын соққы жасап, түрік спортшысын нокаутқа жіберді.

Бұл Жақсығұловтың кәсіпқой спорт мансабындағы төртінші жеңісі. Екі рет жеңілген.

Еске салайық, бұған дейін аталған турнир аясында қазақстандық Бауыржан Қалмұрзаев ресейлік файтер Константин Чередниченконы (15-19) айқастың алғашқы 20-секундында нокаутқа түсірген болатын.

Octagon 39 турнирінің басты жекпе-жегі қазақстандық Азат Мақсұм (15-0) мен бразилиялық Фабрисио Нуньес (8-0) арасында өтеді.


Соңғы жаңалықтар
telegram