Алматыдағы мобильді медицина тобы жұмыстың бірінші күнінде 400 адамды тексеруден өткізді
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Түрксіб ауданына қарасты «Нұршашқан» ықшам ауданының 400 тұрғыны мобильді медицина тобының алғашқы емделушілері болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Нұршашқан» ықшам ауданның 400-ден астам тұрғыны мобильді топтың медицина қызметкерлерінен түрлі сұрақтар бойынша тегін медициналық тексерулер мен кеңестер алып үлгерді. Атап айтқанда, тұрғындар флюорографиядан, ЭКГ, офтальмолог, кардиолог, хирург, ЛОР дәрігері, гинеколог, уролог, невропатолог және басқа дәрігерлерден кеңес алып, тексеруден өтті.
Естеріңізге сала кетсек, 2019 жылдың 1 мен 30 тамызы аралығында Алматы Қоғамдық денсаулық басқармасы халықтың сапалы медициналық қызмет көрсетуге қол жеткізуі қамтамасыз етілмеген қала аудандарына мобильді топтарды жіберуді ұйғарған болатын.