Алматыдағы MOSKVA metropolitan сауда орталығына осымен төртінші мәрте «бомба қойылды»

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда сауда ойын-сауық орталықтарының біріне бомба қойылғаны туралы ақпарат жалған болып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыдағы MOSKVA metropolitan сауда орталығына осымен төртінші мәрте «бомба қойылды»

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, сауда ойын-сауық орталығына бомба қойылғаны туралы қоңырау 102 пультіне бүгін түскен.

«Сауда ойын-сауық орталығының әкімшілігі, күзет қызметі және құқық қорғау органдары жалға алушылар мен келушілерді эвакуациялау үшін, сондай-ақ, құқық қорғау органдарының іс-шараларды одан әрі жүзеге асыруы үшін тиісті сценарий әзірледі. Қысқа мерзімде қабылданған іс-шаралар нәтижесінде хабарламаның жалған екендігі анықталды», - деп хабарлады ведомстводан.

Алматы полициясы тұрғындарды жүргізіліп жатқан қауіпсіздік шараларына түсіністікпен қарауға шақырады.

Бұған дейін «MOSKVA metropolitan» сауда ойын-сауық орталығының келушілері эвакуацияланғанын жазған болтынбыз.

Айта кетейік, аталған орталыққа «бомба қойылды» деген ақпарат маусым айынан бері төртінші рет тарады.