Алматыдағы Москвин көшесінде көлік қозғалысы екіжақты болып өзгереді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- 26 маусымнан бастап Москвин көшесінде жол қозғалысын ұйымдастыру сызбасына өзгеріс енгізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

Алматы қалалық мобилділік басқармасының мәліметінше, Москвин көшесінің Солтүстік айналма жолынан Рысқұлов даңғылына дейінгі бөлігінде екіжақты қозғалыс енгізіледі.

Бұған дейін көшемен тек бір бағытта жүруге болатын.

«Жол қозғалысын ұйымдастыру сызбасына өзгерістер тәжірибелік негізде енгізілп отыр, аталған жол бөлігіндегі көлік жағдайын сараптау нәтижесіне қарай уәкілетті органмен бірлесе отырып нақты шешім қабылданады»,- делінген хабарламада.

Ведомство өкілдері Алматы тұрғындарына жол жүру бағытын алдын ала жоспарлап, ҚР жол ережесін сақтап, жол белгілеріне баса назар аударуға кеңес берді.


Соңғы жаңалықтар