19:09, 06 Маусым 2019 | GMT +6
Алматыдағы нөсер: 1,5 сағат ішінде 2 көшені су басты
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда толассыз жауған нөсер салдарынан 1,5 сағат ішінде 2 көшені су басты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қалалық ТЖД баспасөз қызметінен мәлім еткендей, бүгін толассыз жауған нөсерден 15 мм жауын-шашын түскен.
Айына түсетін жауын-шашын мөлшері 56 мм.
1.5 сағат ішінде 11 жерді су алған. Оның ішінде - 2 көше, 7 аула, 2 жертөлеге су кірді.
- Жетісу ауданында - 2 оқиға;
- Алмалы ауданында - 4 оқиға;
- Алатау ауданында - 1 оқиға;
- Бостандық ауданында - 2 оқиға;
- Медеу ауданында - 2 оқиға тіркелді.
Төтенше жағдайларды қалпына келтіруге 10 қызметкер, 4 техника, 3 мотопомпа жұмылдырылды.
5 учаскеде су алу қаупі сейілді.
Кезекшілік қызметі тұрғындардан 100 қоңырау қабылдады.