Алматыдағы онкологиялық орталықта ашық есік күні өтеді
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат– Бұл шара Дүниежүзілік сүт безі қатерлі ісігіне қарсы күрес күні қарсаңында ұйымдастырылып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
23 қазан күні таңғы сағат 09.00-ден 13.00-ге дейін «Алматы онкологиялық орталығында» қатерлі ісікті ерте анықтау мақсатында ашық есік күні өтеді.
Бүгінгі күні сүт безінің қатерлі ісігі Қазақстандағы онкологиялық аурулардың көптеп кездесетін түріне жатады.
Айта кететін жай, сүт безінің қатерлі ісігі Алматы қаласында статистика бойынша бірінші орында тұр, ал, өлімге әкелу салдары бойынша екінші орында.
Мегаполисте 9 айдың ішінде 514 әйелден сүт безінің ісігі анықталды. Сол себепті, сүт безінің қатерлі ісігін уақытында анықтау үшін мамандар тағы да маммография скринингінен өтуге кеңес беруде.
Елімізде сүт безінің қатерлі ісігі бойынша ертедегі «скринингтен» өту мүкіншілігі екі жылда бір рет 40 жастан 70 жасқа дейінгі әйелдерге қарастырылған.
Дәрігерлердің айтуынша, алдын ала диагностикаланған ісікті толығымен емдеуге болады. Ал, аурудың белгісі анықталған кеш сатыдағы ауруды емдеу қиынға түспек.
Профилактикалық тексерудің өткізілетін орны: Папанин к-сі, 220 Литер A.