Алматыдағы «Орбита» қосалқы стансасындағы апаттың салдарын жою жұмыстары толық аяқталды - Төтенше жағдайлар министрлігі

АСТАНА. Сәуірдің 29-ы. ҚазАқпарат - Дүйсенбі күні сағат 05.37-де Алматыдағы «Орбита» ықшамауданында, Науаи және Фрунзе көшелерінің қиылысында «Орбита» 133А қосалқы стансасының жоғары кернеулі екі желісі зақымданып,

Алматыдағы  «Орбита» қосалқы стансасындағы апаттың   салдарын  жою жұмыстары  толық  аяқталды -  Төтенше жағдайлар  министрлігі
апаттың салдарынан Сүлейменов, Щепкин, Мұсабаев, Пятницкий, әл-Фараби, Ақсақов көшелерінің орамы мен Рахат кентінде орналасқан көпқабатты 40 үйдің тұрғындары жарықсыз қалғанын бұдан бұрын хабарлаған болатынбыз. Сәуірдің 29-ында сағат 01.00-дегі жағдай бойынша стансадағы апаттың салдарын жою жұмыстары толық аяқталды. Барлық тұтынушыларға жарық берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Төтенше оқиғаның салдарын жоюға «Алматы Пауэр Консолидейтэд» компаниясының арнайы бригадасы ? 30 адам мен 5 техника жұмылдырылды.