Алматыдағы өрт ер адамның өмірін қиып кетті
АСТАНА. 27 сәуір. ҚазАқпарат - 26 сәуірде сағат 13.25-те Алматы қаласы Әуезов ауданының 8-ші шағынауданында орналасқан 4 қабатты тұрғын үйінің пәтерінде өрт болды.
Бұл туралы ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметі хабарлады.
Өрт сағат 14.57-де сөндірілді. Тілсіз жауды ауыздықтауға Алматы қаласы ТЖД өртке қарсы қызметінің 9 адамы мен 3 техникасы жұмылдырылды. Жалын шарпыған аумақ 50 шаршы метрді құрады. Өрт болған жерден 59 жастағы ер адамның мәйіті табылды.